Хабар телеарнасы

«Абайдың соңғы күндері»

«Абайдың соңғы күндері»

Ұлы ойшылдың ақырғы күндері туралы бір сериялы тарихи кино «Хабар» Агенттігі» АҚ тапсырысымен түсірілген.

Ақын өміріндегі ең ауыр соққы болған ұлы Мағауияның қазасынан кейінгі ақырғы қырық күнін Абай қалай өткізді? Не күй кешті? Не айтты?

Фильм және сценарий авторлары – жазушы-журналист Қанат Тілеухан мен әдебиетші-ғалым, публицист Бағашар Тұрсынбайұлы осы сұрақтарға жауап іздеп, Абайдың соңғы қырық күндегі бейнесі мен рухани ахуалын көрсетеді.

«Абайдың соңғы күндері» фильмі кейіпкерлерімен құнды болмақ. Олардың бәрі Абай елінде туған, ақын өмірінің шежірелі қатпарларынан хабары бар адамдар.

Тың туындыны көрермендер Республика күніне орай «Хабар» телеарнасынан тамашалай алады.