18:30Әрі қарай: «Dimash Show. Энергия»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Біз туралы

Бүгін «Хабар» Агенттігі – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақпарат тарататын «Хабар», ұлттық серіктік арна Qazaq TV, тәулік бойы жаңалықтар қызметін атқаратын «Хабар 24» және киноарна EL ARNA атты төрт телеарнадан құрылған «телеотбасы».

«Хабар» Агенттігі» АҚ тарихы 1995 жылдан басталады. Сол кездегі қазақ телеарнасының ақпараттық қызметі негізінде «Хабар» Ұлттық Телевизиялық Ақпараттық Агенттігі құрылады.

Басқару органы 7 адамнан тұратын Директорлар кеңесі, оның 3-уі тәуелсіз директорлар болып табылады. Атқарушы орган – Басқарма.

Телеарналардың тәуліктік хабар тарату көлемі: «Хабар» – 20 сағат, Qazaq TV – 24 сағат, «Хабар 24» – 24 сағат, EL ARNA - 24 сағат.

Қазақстан бойынша 99 % телекөрермендер аудиториясын қамтиды.

Агенттіктің Қазақстанда және Ресей, АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея, Қытай, Бельгия, Түркия, Өзбекстан елдерінде тілшілер қосыны жұмыс істейді.

Эфирдің 70% телеарнаның төл туындыларынан құралады, яғни телеарнада түсірілетін бағдарламалар, фильмдер мен телехикаялар. Көрсетілімдердегі бағдарламалардың 90% әлеуметтік маңызды тақырыптарды қамтиды.

Тәуліктік хабар таратудың 55% мемлекеттік тілде жүзеге асырылады.

Биыл «Хабар» Агенттігінің» құрылғанына 26 жыл толды. Осы уақыт ішінде «Хабар» Агенттігінің» қызметкерлері мен телебағдарламалары ұлттық және халықаралық деңгейдегі түрлі марапаттарға ие болған.

Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы тілшілерінің жұмыстары EMMY телевизиялық сыйлығының номинанты атанса, сондай-ақ Ресейде өткен «Золотой глагол» сайысының бас жүлдесін иеленген. «Город будущего» жастар бағдарламасы Жапонияда өткен халықаралық фестивальде әлемнің үздік ондығына енді. Севастополь қаласында өткен халықаралық байқауда «Хабар» Агенттігінің» бастамасымен түсірілген «Бауыржан Момышұлы» фильмі тарихи туындылардың ішінде лауреат атанды.

«Хабар» Агенттігі» – Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағына (ABU), Азия және Тынық мұхиты жаңалықтар агенттігі ұйымына (OANA), Азия және Тынық мұхиты Хабар таратуды дамыту институтына (AIBD), Телевизия мен радионың Еуразиялық академиясына (ЕАТР) мүше.