БЕРІК УӘЛИ

Берік Уәли

1997 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Кинотанушы», 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын «Журналистика», 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану»  мамандықтары бойынша бітірген.

1997-2012 жылдары – «Хабар» Агенттігінің, «ТАҢ» телекомпаниясының, «НТК» телеарнасының, «31 канал» ЖШС-нің журналисті, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, «Нұр Медиа» ЖШС-нің жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі.

2018-2019 жылдары Қазақстан ұлттық арнасының «1-студия» саяси ток-шоуының жетекшісі әрі жүргізушісі.

2012-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы, Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары – Nur Otan партиясы төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы.

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы.

2022 жылдың наурыз айынан «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. «Құрмет» орденінің, бес мерейтойлық медальдің, сондай-ақ  Президент Әкімшілігінің «Мінсіз қызметі үшін» медалінің иегері.