ДӘУЛЕТХАН ЖАНҚЫДЫРҰЛЫ ЖИЕНҚҰЛОВ

ДӘУЛЕТХАН ЖАНҚЫДЫРҰЛЫ ЖИЕНҚҰЛОВ

1997-2002 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2019-2021 жылдары Ә.Бөкейханов атындағы Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінде білім алған.

1997-1998 «Заң» республикалық газетінің Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі.
2000-2001 «Алма-Медиа» ЖШС ақпараттық бағдарламалардың редакторы.
2001- 2002 «КТК» ақпараттық бағдарламалар редакторы.
2003-2003 «НТК» ақпараттық бағдарламалар редакциясының шығарушы редакторы.
2003-2003 «31 канал» журналисі.
2004-2005 «CaspioNET» телеарнасының редакторы.
2005-2006 «31 канал» телерадиокомпаниясының қазақ редакциясының тілшісі.
2006-2007 «Қазақстан» АҚ АБД шеф-редакторы.
2007-2008 «Қазақстан» АҚ АСБД жетекшісі.
2008-2008 «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының редакторы.
2011-2013 «НҰР-Медиа» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығы жетекшісінің орынбасары.
2016-2016 «Қазконтент» АҚ, «Bnews.kz» ақпараттық агенттігі қазақ редакциясының жауапты редакторы.
2016-2017 «Қазконтент» АҚ, «Baq.kz» ақпараттық агенттігі бас редакторының орынбасары.
2017-2019 «Қазконтент» АҚ, «Strategy2050.kz» ақпарнаттық агенттігінің бас редакторы.
2019- 2022 жылдың тамыз айына дейін ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары.