Хабар телеарнасы
ДАНИЯР СМАДИЛОВИЧ МЕНИЛБЕКОВ

ДАНИЯР СМАДИЛОВИЧ МЕНИЛБЕКОВ

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары

1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетін «шығыстанушы-тарихшы»,

2009 жылы Орталық Азия университетінің Экономика факультетін «қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдады.

1996-1999 жылдары аудармашы.

1999-2000 жылдары «НТК» телеарнасында тілші, жауапты редактор.

2000-2005 жылдары «Алматы – Оңтүстік астана» телеарнасында тілші, шығарушы редактор, хабарлар жүргізушісі болды.

2000-2011 жылдары аралығында «Русское радио Азияда» журналист, жауапты редактор, бас редактор қызметтерін атқарды.

2005-2010 жылдары «Хабар» телеарнасынан шыққан «Ақшаң болса» хабарының жүргізуші-редакторы, «Қазақстан» телеарнасынан шыққан «Капитал әліппесі» және «Бизнес ақпарат» бағдарламаларының жүргізуші-редакторы қызметін атқарды.

2011-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Баспасөз хатшысы.

2014-2016 ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің бас сарапшысы.

2016-2017 «Назарбаев Университеті» ДББҰ «University Medical Center» корпоративтік қорының PR-менеджері.

2017-2018 жылдары «Назарбаев Университеті» ДББҰ «University Medical Center» корпоративтік қорының Стратегия және бизнесті дамыту департаментінің бас менеджері.

2017-2019 жылдары «Qazaqstan» телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының продюсер-жүргізушісі.

2019-2020 «Назарбаев Университеті» ДББҰ «University Medical Center» корпоративтік қорының Басқарма Кеңсесінің бас менеджері. 

2020-2022 жылдары «ҚазАэроНавигация» РМК бас маманы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі.

05.2022 - 08.2022 «Хабар» Агенттігі» АҚ Стратегиялық даму және медиажоспарлау департаментінің директоры.

2022 жылғы 4 тамыздан «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.   

ҚР Президентінің Алғыс хатымен, ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің Алғыс хатымен марапатталған.