Хабар телеарнасы
НҰРБОЛ МЕЙРХАНҰЛЫ АЛМАНОВ

НҰРБОЛ МЕЙРХАНҰЛЫ АЛМАНОВ

EL ARNA телеарнасының директоры

Бұған дейін ол ҚР Индустрия және ифрақұрылымдық даму министрлігі «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің қоғаммен байланыс және баспасөз қызметі бөлімінің бастығы болған.

Нұрбол Мейрханұлы 1997 жылы Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясын «Кинотанушы-редактор» мамандығы, 2015 жылы «Тұран» университетін «Заң» мамандығы, 2019 жылы Тараз мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.

1996-1998 жылдары «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Таңшолпан» бағдарламасының редакторы;

1998-2000 жылдары «ТАҢ» телерадиокомпаниясындағы ақпараттық қызметтің тілшісі, «Алматы айнасы» ақпараттық-талдау бағдарламасының редакторы;

2000-2003 жылдары «НТК» телеарнасының ақпараттық қызметтің бас  редакторы;

2003-2005 жылдары «КТК» телекомпаниясының мемлекеттік тілде шығатын бағдарламалардың жауапты редакторы;

2005-2007 жылдары «CASPIONET» спутниктік телеарнасының бағдарламалар бөлімінің редакторы;

2007-2009 жылдары «Қазақстан» РТРК-да қоғамдық-саяси бөлімі басшысының орынбасары;

2009-2011 жылдары «Нұр Отан» ХДП медиа-орталығы басшысының орынбасары;

2011-2012 жылдары «ЭРА ТВ» 7 арна ЖШС-нің бағдарламалар дирекциясының директоры;

2012-2013 жылдары «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталықтың басшысының орынбасары, басшысы;

2013-2017 жылдары «Медиа Астана» продюсерлік орталығы»-ның бас продюсері;

2017-2018 жылдары ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы;

2018-2019 жылдары Астана қаласының 20 жылдығына арналған халықаралық жобалардың басшысы қызметтерін атқарды.