ЛӘЗЗАТ ОЛЖАБАЙҚЫЗЫ ЖҮНІСОВА

Бұған дейін ол «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы ЖШС бас директоры болды.
1991 жылы Семей технологиялық институтын «экономист» мамандығы бойынша, 2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика» мамандығы бойынша бітірген.
Ләззат Жүнісова еңбек жолын 1996 жылы «Қазақстан» ҰТА-да бастаған.
2006 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма мүшесі қызметіне тағайындалды.
2009 жылы «Arna Media Production» ЖШС директорының орынбасары, 2010 жылдың маусымында «Телевизиялық жаңалықтар агенттігі» ЖШС директоры, 2010 жылдың 1 желтоқсанынан «Евразия+ОРТ» ЖШС бас директоры болды.
2012-2018 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2018 жылдың мамыр айынан «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы ЖШС бас директоры болды.