Хабар телеарнасы

«Соңғы үміт» телехикаясы. 13-бөлім

Омарбек ата Санат немересін неге алдады? Мөлдірдің серіктесі Қайратпен байланысы қалай екен? Бренд дүкеніндегі тауары өтіп жатыр ма? Дастанның: «Мен қайда жүрсем, әкем сонда болады», – деген сөзі Асхатты қамшымен ұрғандай әсер етті. «Сөз – сүйектен өтеді». Өзіндей жігіттің намысшылдығы Асхатты ойландырып, бәлкім әкесін Қарттар үйінен алдырар а? Әй, бірақ, қайдам... Қарттар үйінің тұрғындары Омарбек ата мен Бақтыбай ата неге келіспей қалды? Қашанда әділ сөйлейтін Омарбек ата бұл жерге тәртіп орната алар ма екен? Замираның кезекті «таяғының ұшы» Омарбек атаға тиіп кетпесе игі. Сіз қалай ойлайсыз? Айтпақшы, Омарбек атаның Санат сыйға тартқан күрте жемпірін кім алып кетті? Қайраттың кезекті жоспары қандай? Ол енді кімнің ақшасын қолды қылып, жылатар екен?