Хабар телеарнасы

«Келінжан 2» телехикаясы. 8-бөлім

Ішіп алған адам шындықты айтады. Сіз Балқияның осы айтқанына келісесіз бе? Айсара Қылышбекті неге мектепке іздеп бара береді екен? Асылым тағы қолын сындырып алды. Енді баласын кім қарар екен? Сәбит тағы таяқ жеді. Асқар одан кешірім сұрап барғанымен, көршісін тағы соққының астына алды. Бұл жолы кім кінәлі? Айсараға енесі күшті арықтаудың жолын ұсынды. Үлкен келін бұл диетаны ұстаса игі.