Хабар телеарнасы

«Дулати» телехикаясы. 6-бөлім

Саид хан дүниеден озған соң, Әли Тағай таққа Рашид сұлтанды отырғызып, оны ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын қуыршағына айналдыруды көздеді.

Ол Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы Сейтмұхаммедтің үрім бұтағына дейін өлтіруді бұйырды. Осындай келеңсіз жағдайдан кейін қарапайым халық пен әскер тарыдай бытырап кетті...