Хабар телеарнасы

«Шашу». «Қасқа сиыр» 12-бөлім

Науат апа ұлы мен келіні немересін алып, қайта мұхит асып кетеді деп аландаулы. Сондықтан күйеу балаларын қайта жинап алып, бір амалын тауып Арманды ауылда қалдырсын деп тапсырды. Аида болса АҚШ-тағы үйреншікті өмірлеріне қайта оралғысы келіп тағатсызданып жүр. Бажалар қайын енелерінің өтінішін қалай орындаймыз деп бас қатырып жүргенде, мәселе ойламаған сәтте шешіле кетті. Бұған қасқа сиырдың қатысы қандай? Оны қызығы мен шыжығы толы «Шашу» телехикаясының 12-бөлімінен біле аласыздар.