Хабар телеарнасы

«Әке бақыты»

«Әке бақыты»

Әке – өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті байланыстырып тұрған алтын көпір. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Себебі әке – ­ұлы күш пен сабырлықтың иесі.

«Әке бақыты» бағдарламасында елімізге танымал жұлдыздар балаларымен бірге уақыт өткізіп, әке мен бала арасындағы қарым-қатынастың жарқын үлгісін көрсетеді.

Бағдарламаның мақсаты – баланың тұлға ретінде қалыптасуындағы әке рөлінің маңыздылығын айқындау, отбасы құндылығын дәріптеу.