Хабар телеарнасы

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауып, көктайғақ болады

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауып, көктайғақ болады

Республиканың басым бөлігінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күшеюі 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с болады және жекелеген ауданында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с-қа жетеді деп күтіледі.

Қызылорда облысында тұман, бұрқасын болады. Павлодар облысында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтілед. Маңғыстау, түнде Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің күшеюі 15-22, екпіні 25 м/с болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 18-23 м/с болады деп күтіледі. Атырау, Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады.

Ақпарат көзі: Қазгидромет