Хабар телеарнасы

Ескерту: Қазақстанда төрт облыста ауа райы күрт өзгереді

Ескерту: Қазақстанда төрт облыста ауа райы күрт өзгереді

25 желтоқсанда таңертең және күндіз, 26 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбырдың қарға ауысуы) күтіледі.

25-27 желтоқсанда оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с-ге жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында жел 30 м/с болады немесе одан да күшті соғады. Тараз қаласында 25-27 желтоқсанда оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с немесе одан да асып кетуі ықтимал.

26 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбырдың қарға ауысуы), тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 30 м/с шамасында немесе одан да екпінді жел күтіледі. 25-26 желтоқсанда Павлодар облысында жауын-шашын (көбінесе қар), кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады, 25 желтоқсанда екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с тіпті одан да үдеуі ықтимал. 26-сы, 27 желтоқсанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қар қатты жауады, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Күндіз 25 желтоқсанда, тәулік бойы 26-27 желтоқсанда оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз 25, тәулік бойы 26 желтоқсанда кей жерлерде екпіні 30 м/с және одан да күшті жел соғуы ықтимал.