Хабар телеарнасы

Алдағы тәуліктерде жел күшейіп, бұрқасын болады

Алдағы тәуліктерде жел күшейіп, бұрқасын болады

Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Атырау, Ақтобе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, түнде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі  күтіледі.