Республикамыздың басым бөлігінде қар жауады
- Категория: Ауа райы

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, тек оңтүстікте, оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз болады, кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі.
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 23-28 м/с, Ақмола облысында екпіні 25 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады, Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.