Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде де көктайғақ, тұман, бұрқасын болады. Қостанай облысында желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Қызылорда, Ақтөбе облыстарында тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысында да тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшеюі  күтіледі. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшеюі  күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман болады. Түнде Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.

Ақпарат көзі: Қазгидромет