Хабар телеарнасы

Еліміздің кей жерлерінде қар жауады

Еліміздің кей жерлерінде қар жауады

Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын, түнде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде Жалаңашкөл аймағында жел соғады, күші 18-23 м/с. Атырау облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 18 м/с күшеюі күтіледі.