Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Тек солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, шығыста және солтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі (15-20 м/с) күтіледі, Оңтүстік Қазақстан облысында көктайғақ болады. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан областарының кей жерлерінде тұман, Алматы, Жамбыл областарында көктайғақ күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет