Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Тек солтүстік-батыста, орталықта және оңтүстіктің кей жерлерінде жауын-шашын жауады, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Ал желдің екпіні 15-20 м/с-қа күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Жамбыл облысында тұман және күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, таңертең және күндіз тұман болады.

Алматы, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады деп күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет