Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады

Тек батыста және шығыста жауын-шашын сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күші 15-20 м/с болады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет