Хабар телеарнасы

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с, Шығыс Қазастанда екпіні 30 м/с-қа жетеді.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет