Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады

Тек республиканың оңтүстік және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, Ақтөбе  және Павлодар облыстарында көктайғақ болуы мүмкін.

Ақпарат көзі: Қазгидромет