Хабар телеарнасы

Республика аумағында жаңбырлы ауа райы сақталады

Республика аумағында жаңбырлы ауа райы сақталады

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі мен тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің 15-20 м/с дейін күшейеді. Атырау, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында желдің күші 15-20 м/с жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарында желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22, екпіні 27 м/с күшейеді.