01:00Эфирде: ҚР Әнұраны
05:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 154
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Синоптиктер: Астанада алдағы бірнеше сағаттың ішінде жаңбыр соңы қарға ұласады

  • Категория: Ауа райы
Синоптиктер: Астанада алдағы бірнеше сағаттың ішінде жаңбыр соңы қарға ұласады

Синоптиктер Астанада алдағы бірнеше сағаттың ішінде жаңбырдың арты қарға ұласатынын болжап отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Алдағы 3 тәулікке берілген ауа райы болжамына сәйкес, Астанада таяу сағаттардың ішінде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Еске салайық, өткен демалыс күндері бірнеше өңірде ауа райының күрт өзгеруіне байланысты ескерту жарияланған болатын. Қазақстан аумағына қар алып келуі мүмкін циклондар келуде. Қазірдің өзінде республиканың батысында орналасқан циклон батыс және солтүстік аймақтарда қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын туындатуда», –  деп хабарлады агенттікке синоптиктер».

Сонымен қатар «Қазгидрометтің» болжамына қарағанда, ылғалды қар мен көктайғақ алдағы үш тәулік бойы сақталады. «Алдағы үш тәулікте жаңбырдың арты жиі қарға ауысып отырады. Циклонның және онымен байланысты суық атмосфера ағынының жылжуынан республиканың солтүстік-шығысында, солтүстік, орталық, кейіннен шығыс облыстарында қар молынан жаууы мүмкін. Батыстан соққан желдің екпіні 23-28м/с-ке жетеді, кейбір жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.

Сондай-ақ...