05:02Эфирде: «04:29» кино
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 144
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

  • Категория: Ауа райы
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі
Фото: allWomens

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, тек оңтүстік, оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыста және шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің күшеюі – 15-20, екпіні – 25 м/с, кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі – 15-20, күндіз екпіні – 25 м/с, тұман, көктайғақ күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 18 м/с-ге жетеді, түнде және таңертең – тұман.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел – 15-20 м/с, тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел – 15-20 м/с. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел – 15-20 м/с, найзағай күтіледі. Қарағанды, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстырында тұман күтіледі, деп Қазгидромет.

Сондай-ақ...