Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады
- Категория: Ауа райы

Фото: AVATAN PLUS
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстік өңірде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысында да кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстанда, түнде және таңертең Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі.
Ақпарат көзі: kazhydromet.kz