05:02Эфирде: Кино «Тендер»
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 154
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын сақталады

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын сақталады
Фото: Фото:WallBox.ru

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын сақталады, тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз болады.

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының басым бөлігінде түнде желдің күшеюі 15-20, түнде кей уақытта екпіні 24 м/с болады, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.  Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші  15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысында желдің күші 15-20, күндіз кей жерлерде 25 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанай облысында жел 15-23 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-25 м/с жетеді, кей жерлерде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде түнде және таңертең тұман болады. Атырау облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының кей тұман күтіледі.

Тегтер: 20 қазан, ауа райы,

Сондай-ақ...