Хабар телеарнасы

Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Жамбыл облысында жел екпіні 23 м/с болады. Атырау, таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түнде Ақмола, Қарағанды облыстарының бірқатар жерінде 2 градусқа дейін үсік жүру қаупі күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей өңірінде қатты ыстық сақталады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.