16:00Эфирде: Кино «Я люблю тебя»
18:00Әрі қарай: Мегахит «Коломбиана»
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 152
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады

  • Категория: Ауа райы
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады
Фото: Expat Journal

Қазақстанның басым бөлігінде фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай, екпінді жел күтіледі.

Солтүстік-батыста түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с. Ақмола облысының кей жерінде түнде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады. Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с болады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Оңтүстік Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді. Қостанай облысында желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі, кей жерлерде тұман болады. Ақтөбе облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында түнде 3 градусқа дейін үсік жүру қаупі күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Сондай-ақ...