Еліміздің бірқатар өңірінде үсік күтіледі
- Категория: Ауа райы

Фото: UralDaily.ru
Алдағы күндері еліміздің бірнеше аумағында үсік жүреді.
«Қазгидромет» мамандарының айтуынша, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды мен Қостанай және Павлодар облыстарында қыркүйектің 8-9-ы түндері 2 градус үсік күтіледі. Еліміздің бас қаласында да осы суық ауа райы сақталады. Сондай-ақ синоптиктер: «Айдың аяғында бірқатар солтүстік өңірде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін», – дейді.