Елімізде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Елімізде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге дейін жетсе, Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Күндіз Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай күтілуде, жел 15-20 м/с-ге дейін күшейеді. Түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіліп, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге дейін жетеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз найзағай күтілуде. Күндіз Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық ауа райы сақталады. Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады, деп жазады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.