Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай болады, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, түнде және таңертең солтүстік және орталық аймақтардың кей жерлерінде тұман күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі, бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін. Күндіз Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Алматы, Кызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық ауа райы күтіледі.