Хабар телеарнасы

Республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Осыған байланысты жаңбыр күтіледі, найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел күшейеді, республиканың солтүстігі, орталығының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Тек республиканың оңтүстік-батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, мұнда жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Маңғыстау, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өрттің өте жоғары қаупі сақталады.