Хабар телеарнасы

Екібастұзда көлемі 17 милиметр болатын бұршақ жауды

Зардап шеккендер жоқ, шығын да болмаған. Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты алда тағы жауын мен бұршақ жауып, күн температурасы +25 градус болады. 

Алдағы күндері еліміздің бас қаласы да жаңбырлы болады және ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. «Қазгидромет» мәліметі бойынша, бүгін Астанада бұршақ жаууы ықтимал. Температура 9-11°С шамасында. Мұндай ауа райы 16 шілдеде де сақталады, күн құбылмалы болады.