Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жаңбырлы болады

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жаңбырлы болады

Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.

Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерінде найзағай болады, желдің күші 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болуы мүмкін. Атырау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай болуы мүмкін.

Күндіз Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.