Хабар телеарнасы

Қазақстанның көптеген аймағында тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстанның көптеген аймағында тұрақсыз ауа райы сақталады

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы ықтимал. Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.        

Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.