Хабар телеарнасы

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с болады. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау обылыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшейеді.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының түнде кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.