Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Кей жерлерде найзағай аралас жаңбыр күтіледі. Республиканың батысы мен оңтүстігінде ғана күн жауын-шашынсыз болады. Сондай-ақ кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік-батыстағы кей жерлерде тұман байқалады. Павлодар облысында жел 15-20, түнде кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді.

Солтүстік  Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқырап, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысында түнде желдің екпіні 25 м/с болады. Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқырап, тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, түнде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Алматы облысында жел 17-22 м/с болады. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе  облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.