05:02Эфирде: Телесериал «Братство десанта»
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 94
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

  • Категория: Ауа райы
Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Фото: 24

Қазақстанның басым бөлігіне антициклонның жотасы әсер етеді, сол себептен ашық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек батыс және қиыр солтүстікте атмофералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр найзағаймен болады. 

Оңтүстік-батыс аймағының кей жерлерінде шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста тұман болады. Ақмола, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар, күндіз Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.  Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін шаңды дауылмен күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с, тұман болады. 

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі.  Түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 4 градус аяз, Павлодар облысының кей жерлерінде топырақ беткейінде 2 градуска дейін үсік күтіледі. Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.   

 

Сондай-ақ...