Хабар телеарнасы

Еліміздің барлық аймағында ауа райы тұрақсыз болады

Еліміздің барлық аймағында ауа райы тұрақсыз болады

Оңтүстікте шаңды жел борап, тек солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыста күн ашық болады.

Қызылорда облысының  кей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні шаңды дауылмен 23м/с болып,бұршақ  жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с болады. Қостанай обылысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с күшейеді, Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман  күтіледі. Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-6 градус үсік күтіледі.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.