Хабар телеарнасы

Республикамыздың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Республикамыздың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Республикамыздың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай жарқырап, жел күшейеді.

Түнде солтүстік аймақтарының кей жерлерінде үсік болады. Еліміздің тек оңтүстік және оңтүстік-шығысында күн ашық болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде түнде 2-3 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз найзағай мен жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел күші 15-23 м/с болады. Қарағанды облысында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай соғып, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде найзағай жарқырайды.