Хабар телеарнасы

Еліміздің барлық аймағында тұрақсыз ауа райы сақталады

Еліміздің барлық аймағында тұрақсыз ауа райы сақталады

Кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады, жел күшейеді, оңтүстік шығыста бұршақ болуы ықтимал. Республикамыздың тек батысында  жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Солтүстік  Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында  жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында күндіз найзағай ойнайды. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, найзағай жарқырайды.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жауады, жел 17-22 м/с күшейеді. Павлодар, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде мамырдың 6-нан жетісіне қараған таңда ауа температурасы 2 градуска дейін төмендеп, үсік шалады.