05:02Эфирде: Телесериал «Братство десанта»
07:00Әрі қарай: «Самопознание»
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 142
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

  • Категория: Ауа райы
Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды
Фото: instiz.net

28 сәуірде Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын мөлшері көп түседі.

Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі. 29-30 сәуір күндері ауа температурасы түнде 0-5 жылы, кей жерлерде 3 градус аязға дейін, күндіз 9-14, кей жерлерде 6 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

28 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысының таулы жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі, түнде 29 сәуірде қар аралас жаңбырға айналады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ болуы ықтимал, солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде 28-30 сәуірде топырақтың бетінде 2 градус үсік жүруі күтіледі.

28 сәуір мен 1 мамыр аралығында Алматы облысында жаңбыр күтіледі, кей жерлерде қатты жауады, 30 сәуір-1 мамыр аралығында тау және тау бөктерлі аудандарда жаңбырдың арты қар аралас жаңбырға айналады. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ болуы мүмкін, батыстан соққан жел 18-23 м/с күшейеді. 30 сәуір-  мамыр күндері ауа температурасы түнде 1-6 градус жылы, кей жерлерде 2 аязға дейін, күндіз 11-16 градуске дейін төмендеуі күтіледі.

Сондай-ақ...