Хабар телеарнасы

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Тек батыс, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерінде тұман, екпінді жел соғады.

Жамбыл облысының  кей жерлерінде түнде тұман бақыланып, күндіз желдің  15-20 м/с күшеюі күтіледі. Маңғыстау, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан,  Қарағанды,  түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.