Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы сақталады

Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, солтүстіктің басым бөлігінде жел күшейеді.

Ақмола,  Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында  жел 15-20 м/с, кей жерлерінде 25 м/с, екпіні 30 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман бақыланады.

Қостанай  облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде  тұман түседі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с болады, тұман күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде  найзағай, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай жарқырап, жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшеюі, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде жел екпіні 25 м/с дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Ақтөбе облысында тұман болады.