Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді

Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді

Кей жерлерде екпінді жел, тұман сақталады солтүстік-батыста және оңтүстікте көктайғақ, бұрқасын болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, түнде және таңертең тұман түсіп, жел секундына 15-20 м жылдамдықпен соғады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, түнде  екпінді жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында таңертең және күндіз  Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында секундына 15-20 м жылдамдықпен жел тұруы ықтимал. 

Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, түнде Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады. Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, Ақтөбе облысының жекелеген аудандарында  көктайғақ болады.