Хабар телеарнасы

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының, кей жерлерінде тұман, көктайғақ бақыланып, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20м/с күшейеді. 

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22, екпіні 27 м/с дейін күшейеді. 

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.