Хабар телеарнасы

Наурыз мейрамында еліміздің басым бөлігінде күн шуақты болады

Ал оңтүстік, батыс, шығыс өңірлерінде жауын жауады. 

Синоптиктердің айтуынша, биылғы ауа райы құбылмалы. Сәуірдің басы салқын болғанымен, күн райы бірден жылынады. 

Гүлмира Ақышева, «Қазгидромет» РМК басқарма басшысы:

-Күн райы алдамшы болғандықтан, мұндай жылымық күндер ұзаққа созылмайды. Өйткені айдың ортасына қарай суық ауа массаларының енуіне байланысты күн райы қайта суытады. Ал сәуір айының  үшінші 10 күндігінде жылы және жаңбырлы күндер басым болады. Бұл кезде ауаның күндізгі температурасы солтүсткіте 10-15, оңтүстікте 15-20 градусқа дейін барады.