Хабар телеарнасы

Еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын болып, қар жауады

Еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын болып, қар жауады

Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел шаңды дауылмен күшейеді. 

Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде тұман күтіледі. 

Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел шаңды бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді.